Жұма, 10 Сәуір 2020 20:48

Түркістан: Жетісайлық диқандар қырықабат өнімінің алғашқы 50 тоннасын Ресейге жөнелтті

Түркістан облысы Жетісай ауданы Ералиев округіндегі "Дихан"шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 50 тоннасын Ресейдің Воронеж,Санкт-Петербург, Уфа қалаларына жөнелтті.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Диқандардың айтуы бойынша баға әле нақты емес, себебі бағаны нарық шешетінін айтады.
Қожалық иесі - Алжанов Арманның айтуы бойынша айтуынша, биыл 5 гектар жерге қырыққабат еккен. Оның 2,5 гектары «Кевин», 2,5 гектары «Фарао». Жалпы алғанда мұнда ақпан айының 10-ы күні 120 мың дана көшет отырғызылыпты. Жалпы Ералиев ауыл округінде биыл 88 гектар жерге қырыққабат егілген.
Қосымша айта кететін болсақ Жетісай ауданында бұдан бөлек Жылы Су ауылдық округінің дихандарыда қырыққабаттарын еліміздің Алматы және Астана қалаларына жөнелткен.

Қазіргі таңға дейін аудан бойынша 11361 гектар аумаққа бақша дақылдары егілсе, 1500 мың алқапқа көкөніс егілген оның 1171 гектары қырыққабат болып табылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 578 рет