Жұма, 10 Сәуір 2020 21:39

Түркістан облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

ҚР Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірден бастап ТЖ кезеңіне халыққа коммуналдық қызметтерге тарифтерін төмендетті.

Ақпарат көзі ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінен алынды.

«Уранэнерго» ЖШС-нің: - сумен жабдықтау қызметіне тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 58,84 теңгеден 52,96 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендетілді;

- суды бұру қызметіне тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 30,29 теңгеден 27,26 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендетілді.

 «Энергопоток» ЖШС-нің: - электрмен жабдықтау қызметіне тарифі 1 кВт/сағатына 13,86 теңгеден 13,44 теңгеге дейін немесе 3%-ға төмендетілді.

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілеріне төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қарызының болғанына қарамастан тұтынушыларға көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді көрсетуді тоқтатпауға кеңес береді. Атап айтқанда, жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды. Егер де табиғи монополиялар субъектілері заңсыз әрекетке барып, өз құзіреті шегінде төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барса, 8 72 533 4-25-33 телефон нөміріне хабарласып, шағымыңызды қалдыруға болатынын айтады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 439 рет