Сенбі, 11 Сәуір 2020 15:21

Түркістан: Ардагерлер марапатталған күн

Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» қала тұрғындарына Елбасының курстас досы ретінде жақсы таныс Әсетулла Каримов биыл 80 жасқа толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай, Түркістан облыстық ІІО және ҰҰ ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсенбаев пен қалалық ІІО және ҰҰ ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары Батырхан Сансызбаев Әсетулла Каримовтың үйіне арнайы барып, мерейлі 80 жасымен құттықтап, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар, биыл тергеу қызметінің құрылғанына 6 сәуірде 57 жыл толып отыр. Осыған орай, жақында тергеу қызметінен зейнеткерлікке шыққан майор Марат Ахметовке ҚР ІІО-ның «Ветеран МВД» төс белгісін табыстады. Бүгінде тергеу саласының ардагері Батырхан Сансызбаев көп жылғы қызметінде көптеген шәкірттер тәрбиелеген, соның бірі осы майор Марат Ахметов болса, подполковник Қадыр Оспанов бүгінгі таңда Кентау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, ал подполковник Ерлан Стамқұлов облыстық полиция департаментіне жауапты қызмет атқаруда.

Осынау Отан алдында қабылдаған антқа адал болып, жылдар бойы жас буынға үлгі боларлықтай еңбек жолдарында көптеген жастарды темірдей тәртіпке баулыған бұл жандардың ел тыныштығы жолында атқарған абыройлы еңбектері көпке үлгі бола бермек.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 494 рет