Сенбі, 11 Сәуір 2020 15:55

Түркістан: Келесте қияр пісіп, сатылымға шықты

Түркістан облысы, Келес ауданында қияр пісіп, алғашқы өнім сатылымға шықты. Айта кетейік, қияр – асқабақ тұқымдас бір жылдық жапырақты өсімдік. Жылуды, жарықты, ылғалды жақсы көреді. Қалыпты өсуі үшін жылыжай ішіндегі температура +15°С-тан кем болмауы тиіс.

Осының бәрін ескеріп, жылыжайдың жылуын реттеп отырған Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіндегі «Бау Агро» құрылымының шаруалары бүгінгі таңда 4 га жылжайға қияр егіп, еліміздің мегаполистеріне жөнелтуде,-деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Күніне 3 тоннаға дейін өнім алатын агроқұрылым жергілікті 15 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы жылыжай осыдан 4 жыл бұрын құрылып, жыл 12 ай өнімнің қызанақ, қияр түрлерін егіп, ішкі нарыққа ұдайы шығарып келеді.

Жалпы Келес ауданда өткен жылдың қорытындысымен 350 гектар жерге тамшылатып суару әдісі ендіріліп, жалпы 639 га жетті. Ал жылыжай шаруашылығы бойынша 12,3 га қосылып, жалпы 76,6 га құрады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 380 рет