«Мейірімді ауылдастар» челленджі аясында атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына кәсіпкерлер, еріктілермен қатар Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы да атсалысуда,-деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Біз біргеміз» акциясы сонымен қатар, «Мейірімді ауылдастар» челленджі аясында Абай аулындағы әлеуметтік жағдайы төмен және отбасында мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға азық-түлік себетін үлестірді. Сондай-ақ, сала мамандары ардагерлерге сақтық шараларын сақтап, мейлінше үйде болу қажеттігін айтты. Департамент өкілдері мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды қолдай отырып, қиын сәтте қоғамға қолдан келген көмекті көрсету азаматтық парыз деп санайды.
Бұл челлендж облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын тауып, халықтың қиын кезеңнен аман-есен өтуіне оң ықпалын тигізуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.