Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 12:56

Түркістан: Отырарлық іскер әйелдер бетперде тігіп, тегін таратуда

Отырар аудандық “Іскер әйелдер” қауымдастығы мен “Nur Otan ” партиясының Отырар аудандық филиалының бастамасымен #БІЗБІРГЕМІЗ# челленджі жалғасын табуда.

Отырар ауданы «Іскер әйелдер қауымдастығының» ұйымдастыруымен ұйымның белсенді мүшелері, беделді кәсіпкер әйел Бейбайша Тоқпанбетова демеушілігімен 300 дана, жеке кәсіпкер Роза Қасымбекова 200 дана, Гүлмира Әріпбекова 200 дана, “Темір ” мектебінің еріктілері Бибісара апай 100 дана, Аякөз апай 100 дана, Күлшат апай 100 дана, Роза апай 100 дана бетпердені өз қаражаттарына тігіп, аудан тұрғындарына тегін тарқатты.

 Сондай-ақ, Отырар аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Алтынай Қасымбектің демеушілігімен 300 дана, қауымдастықтың белсенді мүшесі Нұргүл Садықтың демеушілігімен 200 дана бетперде тегін үлестірілді.

Алдағы уақытта да “Іскер әйелдер” кауымдастығы “#БІЗБІРГЕМІЗ# челленджіне үлес қосуды жалғастыра береді

 Сондай-ақ Отырар аудан  орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда ауданның ерікті жастары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындарға адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда жүруге болмайтыны, бетпердесіз арнайы орындарға кіруге рұқсат етілмейтіні ескертіліп, мейлінше үйден шықпай сақтық шараларын сақтау қажеттігі айтылды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

           

 

Оқылды 412 рет