Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 13:56

Түркістан: Сарыағашта жалпы аудандық сенбілік болып өтті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында  «Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында жалпы аудандық сенбілік жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

Жалпы аудандық тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары бір кісідей атсалысып, қураған талдар кесіліп, арық-атыздар мен аудан көшелері қоқыстан тазартылды. Ондай-ақ көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ұйымдастырылған бұл сенбілікке Сарыағаш қаласында орналасқан мекеме қызметкерлері және қала халқы белсене қатысты.
«Аудан – ортақ үйіміз.
Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Тазалық - тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі және дамудың тетігі. Әр сенбі күні аудан тұрғындарын өз аулаларымен көше бойларын тазалап, аудан аумағын таза ұстауға шақырамыз»,-дейді қызметкерлер.

 

Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде өткерілген сенбілік барысында барша қатысушылардың қауіпсіздігі ескерілген және сақтық шаралары толық сақталған. 

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 609 рет