Естеріңізде болса, 2020 жылдың 26 наурызынан бастап Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы келушілермен қашықта жұмыс істеу тәсіліне көшкен болатын. Мұнда келушілердің арыз-шағымдарын, сауалдары мен өтініш-тілектерін қабылдау үшін арнайы «WhatsApp» желісі бар 8 702 384 21 18 байланыс телефоны іске қосылған. Қашықтан жұмыс жүргізу енгізілгелі, яғни 26-27 наурыз күндері онлайн арқылы 221 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін атап өткен жөн. Нақтырақ айтсақ, 98 адамнан өтініштер келіп түсті және онлайн жұмыс іздеуші ретінде 34 адам тіркелген екен.
Әрине, бұл қадамдардың барлығы жергілікті халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін ойлағандықтан, дер кезінде жасалап отыр. Сол себепті мұндай сақтық шарасына мейлінше түсіністікпен қараған абзал.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.