Сейсенбі, 14 Сәуір 2020 13:56

Түркістан: Түлкібас ауданында демеушілер есебінен 32 канал механикалық тазалаудан өтуде

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімінің өткен жылды қорытындылау мақсатында елді мекен тұрғындарымен кездесуінде тұрғындардың басым көпшілігінің көтерген мәселесі үй іргелік аумаққа ағынды су келуін қамтамасыз ету болатын.

Бұл бағытта бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен қарқынды жұмыстар іске асуда,-деп жазды Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі фейсбук әлеуметтік парақшасында.

«Нақты айтар болсақ, демеушілер есебінен аудан аумағындағы 108,3 шақырымды құрайтын 32 каналға механикалық тазалау жұмыстары іске асуда. Нәтижесінде 2997 гектар жерге ауыз су барып, 2960 үйдің іргелік жерлері қайта айналымға қосылады.

Бұл бағытта жұмыстың жандануы ауыл аймақтарда тұратын тұрғындардың әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етпек. Себебі, ауыл тұрғындарының үй іргелік жерлеріне егін егіп, өнім алуға бар мүмкіндіктер тумақ»,-деп жазылған жазбады.

Ал, бұндай жағымды жаңалықты жазбадан оқып, қуанышын білдіріп, алғыс-пікірлерін қалдырып жатқан ауыл тұрғындары да бар.

«Ағын судың берері көп дейді халқымыз.Қазіргі қымбатшылық заманда тұрғындардың өз огородынан жеміс жидек,бақша, көкеніс егіп қысқа қам жасайды.Жылдағы жағдайлар көңіл көншіктірмейді.Биылғы көктемнен қамданып, арықтарды тазартып су бармайтын көшелерге арықтар тарту ел көңілінен шығуда.Осы іс шараларды орындалуына Аудан Әкімдігі қолдау көрсетуде.Айтарымыз Алғыс. Алла разы болсын»,-деп жазды желі қолданушысы жазба асытндағы пікірге.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 455 рет