Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 жылғы азаматы 4 сәуір күні қайтыс болған).
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жайттарға орай Жетісай ауданындағы адам көп шоғырлататын банк бөлімшелері мен "Қазпошта" мекемесіндегі ұзын-сонар кезектер сақтық шараларының талаптарына сай ретке келтірілген. Яғни кезекте тұрған азаматтардың арақашықтығы сақталып, клиенттердің аты-жөндері мен кезектік реті дауысұлғайтқышпен хабарлануда.Дәл осындай сақтық шаралары ауданның өзге кент, ауыл округтерінде де қолға алынуда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.