Жексенбі, 05 Сәуір 2020 02:03

Шымкент: әлеуметтік жағдайы төмен жандарға 50 мың теңге жәрдемақы беріледі

Енді миллионды қала Шымкентте тіркелген әлеуметтік әлжуаз топтағы жандарға 50 мың теңге қаржылай жәрдемақы аударылады. Осылайша «Нұр Отандықтар» азық-түлік таратудың орнын жаңа жүйемен толықтырып отыр.

Әзірге тізімде 21 мың 864 азамат бар. Жердәмақы Республикалық «Біргеміз» қорынан қамқорлыққа бағытталған бір реттік көмек түрінде жүзеге аспақ. Оны кімдер және қалай алады? Бұл сұрақтардың жауабын бас партияның өңірдегі өкілдері БАҚ-мен өткен брифингте жариялады. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасымен елімізде «Birgemiz» қоғамдық қоры ашылды. Қор азаматтарға, оның ішінде COVID-19 короновирусынан зардап шеккендерге атаулы және әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейді. Төтенше жағдайдың күшеюіне байланысты енді еріктілер мен қамқоршылардың кері байланысын азайтудың маңызы артып отыр. Сондықтан азық-түлік тарату ісі тоқтатылды. Бұл шешім инфекцияның бүкіл Қазақстан бойынша таралуына байланысты, тұрғындардың да, еріктілердің де денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қабылданды.

Жаңа жүйенің жұмысы туралы кеңірек айтар болсақ, қор тарапынан бөлінген қаржы халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдауға бағытталған. Шымкент қаласындағы төрт әкімдік мониторинг жүргізіп, тізім жасақтады. Бұл тізім жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қайырымдылық қорларымен бірлесіп, аса көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын саралаған. Реттік көмекке бағытталған қаржы есеп-шотқа ақша аударумен шектеледі. Айта кетейік, тұрғындар арасында туындаған сұрақтар мен тізім ретін білгісі келгендер аудан әкімдіктерінен құрылған байланыс орталықтарына хабарласуына болады.  Қайырымдылық шаралары бойынша колл-орталықтары жұмыс істейді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 404 рет