Бұдан бөлек,«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ленгір қаласында «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызілікті мұқтаж 14 отбасыға азық-түлік таратылды. Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері Ленгір қаласындағы аз қамтылған 7 отбасыға азық-түлік топтамаларын таратты.
Дәл осындай ізгі шара Көксәйек ауылдық округінде жалғасын тапты.«Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында 15 аз қамтылған отбасыға демеушілер тарапынан азық-түлік берілді. Сонымен қатар округтегі «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша 7 отбасыға 20 мың теңгеден кәсіпкерлердің қолдауымен қаржылай көмек көрсетілді.
Әлеуметтік көмек алған отбасылар демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.