Жексенбі, 05 Сәуір 2020 16:14

Шымкенттегі блок-бекеттерде ыстық тамақ таратылып жатыр

Шымкент қаласы аумағындағы блок-бекеттерде тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық ас жеткізілуде.

Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратуда. Қала аумағында карантитнге жабылған аумақтарда кезекшіліктегі азаматтарға ас апарған еріктілер "Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан шектеулерді сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз", дейді.

Бүгінде қала аумағында 669 қызметкер жұмылдырылған 18 блок-бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. 3 ауысыммен қызмет ететін посттарда 237 полиция қызметкері, 168 жауынгер, 60 Ұлттық ұлан сарбазы мен 204 медицина маманы бар. Санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейтін мамандар тұратын аумақ жиі-жиі залалсыздандырылып, бейне камералармен және әуеден бақылайтын дрондармен қамтылған. Бекеттерде транзиттік көліктер мен олардың жүргізушілерін тексеру қатаң бақылауға алынған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 481 рет