Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Бақытжан Ысқақ мәлімдеді.
Ол зейнеткерлерге қызмет көрсету барысында мамандардың санитарлық тазалықты тиісті деңгейде сақтап, барынша азаматтарға қауіп төндірмеу шараларын ұстанғанын айтты.
«Зейнетақыны тарату кезінде барлық қызметкер санитарлық талаптарға сай жабдықталды. Басқарма қызметкерлері, операторлар, хат тасушылар, сұрыптаушылар, көлік жүргізушілері мен инкассаторлардың барлығы дерлік бетперделер, қолғаптар және антисептиктермен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі және жасы 80-нен асқан азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақылары мекен-жайларына арнайы сақтық киіммен қамтылған мобильдік топпен жеткізілді. Зейнетақы алушылар да қызмет алу барысында бетперде киіп, адамдардың өзара 2 метр арақашық сақтауы бақылауда болды», – деді Б.Бекболатұлы.
Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы 94208 азаматқа есепшот ашып, мемлекет тарапынан берілетін 42500 теңге жәрдемақыны алуына жағдай жасады. Бүгінге дейін солардың 20087-сі тиісті қаражатын алған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.