Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 13:43

Түркістан: Сайрамдықтар қайырымдылық жасап жарысуда

Түркістан облысы Сайрам ауданы мəслихатының депутаты, фракция мүшесі Байсейіт Жамалбеков пен Nur Otan партиясының белсендісі Қадір Қуатбеков бастаған азаматтар #BizBirgemiz акциясы аясында 50 отбасына көмек көрсетті.

Олардың демеушілігімен Қарасу ауылдық округіндегі тұрмысы төмен отбасыларға 500 мың теңге көлеміндегі қажетті заттар мен азық-түлік жеткізілді.

Қайырымдылық іс-шарасына қарасулық кəсіпкерлерден құралған "Рауан" футбол командасының ойыншылары да үлес қосты.

Ал, Көлкент ауылдық округіне қарасты уақытынша карантинге жабылған Ханқорған және Қосбұлақ ауыл тұрғындарына КӨРШІГЕ ЖӘРДЕМ АКЦИЯСЫНА сәйкес Құтарыс ауылдық округі әкімі аппараты әкімшілігі аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылды.Оның ішінде 7 отбасы төмен жақтан 13 отбасы жоғары жақтан көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік берілді.

Сондай-ақ, бүгін «Қазпочта» АҚ-ның Сайрам аудандық бөлімшелері 65 жастан асқан зейнеткерлерге зейнетақы тарату жұмыстарын жүргізуде. Төтенше жағдай талаптарына сай жабдықталған жұмысшы топ төлемдерді әр үйге тізімдеме (ведомость) арқылы таратуда.

Айта кетейік, өткен аптада еріктілер мен жауапты сала қызметкерлері I-II топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жасы 80-нен асқан азаматтарға тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін үйіне апарып тапсырған болатын.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 418 рет