Жексенбі, 05 Сәуір 2020 20:14

Шымкентте көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістері дезинфекциялануда

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы көп қабатты 672 үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңшасы бар.

Бүгінде Республика, Жангелдин, Қалдаяқов, Молдағұлова, Қазыбек би, Рашидов көшелерінің бойындағы көп қабатты үйлердің аулалары мен кіреберістеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Залалсыздандыру жұмыстары қаладағы 14 сервистік кызмет көрсетуші мекеме тарапынан орындалып жатқанын айта кетейік. Бекітілген кестеге сәйкес, залалсыздандыру жұмыстарын арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Дезинфекциялау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ, Шымкенттегі кәсіпкерлер мен ірі және шағын сауда нүктелерінің иелерінен тұрғындардан қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Бұл өз кезегінде короновирусты таралуының алдын алу үшін қажет. Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылып, тіпті қызметін тоқтататынын ескерте кеткен жөн.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 539 рет