Бейсенбі, 16 Сәуір 2020 15:09

Түркістан: Түлкібастықтар #Мейірімдіауылдастар акциясын жалғастырды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында  өңірде бастау алған #Мейірімдіауылдастар акциясы аясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға және жалғызбасты қарттарға бірінші кезектегі қажетті азық-түліктер жеткізілуде.

Акцияның бастамасы ретінде аудан әкімдігінің қызметкерлері аудан орталығындағы 86 жастағы жалғызбасты қарт Нина Спицинаға және тұрмыс жағдайы төмен Ақбала Мырзабекованың отбасына арнайы барып, қал-жағдайын біліп, бірінші кезекте қажетті азық-түлік себеттерін үлестірді.

Тиісінше тұрғындар тарапынан қиын сәтте қол ұшын созған жандарға шексіз алғыстарын білдіруде.

«Қиын-қыстау кезде бізді ұмытпай, көмек қолын созып жатқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Бұл-үлкен сауап іс. Бірліктің арқасында еліміздегі осындай жағдайды жеңіп шығатынымыз кәміл»,-дейді ауыл тұрғындары.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, алдағы уақытта бұл акция аудан аумағында жалғасатын болады.

«Осы ретте, тұрмысы төмен отбасыларға көмек беруге дайын жомарт жандар болса жергілікті әкімдіктен көмекке мұқтаж жандардың тізімді алып, сауапты іс жасауға шақырамыз. Қиын кезеңде бірі-бірімізге қолдау білдірейік»,-дейді ұйымдастырушылар.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 378 рет