Бұдан бөлек, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы "Карантин кезіндегі мәдениет қызметкері" атты онлайн-семинарлар өткізуде. Сондай-ақ, барша аудан-қалалардағы мәдениет ошақтары "Атамекен" әнін орындап, эстафета ретінде жалғастырып, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның шығаршашылығын кеңінен насихаттау мақсатында да арнайы эстафеталық іс-шаралар өткізіп келеді.
"Елімізде коронавирус індетімен күрес жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы, үкімет пен жергілікті билік мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Ең бастысы - халықтың денсаулығын сақтау, індеттің таралуына жол бермеуіміз керек. Осы ретте облыстық мәдениет басқармасы үйде отырған сан мыңдаған отбасыларды рухани қолдап, бірқатар онлайн іс-шараларды ұйымдастырудамыз",-дейді Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев.
Айта кетейік, еліміздегі төтенше жағдай жариялана сала басқармаға қарасты театр ұжымдары 3 мыңға жуық бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратып берген болатын.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.