Бейсенбі, 16 Сәуір 2020 19:07

Түркістан: Арыста залалсыздандыру жұмыстары тоқтаған жоқ

Арыс қаласы әкімі М.Қадырбектің тапсырмасына сәйкес, COVID-19 инфекциясын таралуының алдын алу мақсатында Арыс аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен және әскери қызметшілер бекітілген кестеге сәйкес, бүгінгі жалпы көлемі 80200 шаршы метрге залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырды.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қаладағы қоғамдық орындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандармен қатар, саябақтар мен орталық алаңға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Ғимараттарды диохлорид ерітіндісімен, ал көшелерге арнайы гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспа шашылып, залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар жүйелі түрде атқарылып, қала аумағы толықтай дезинфекцияланатын болады.

Айта кетейік, төтенше жағдайға байланысты, Арыс қаласының  Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавирус індетінің алдын мақсатында шектеулер енгізілді. Осыған байланысты барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады. Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 408 рет