Жұма, 17 Сәуір 2020 10:57

Түркістан: Орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелердегі бақылау жұмыстары күшейтіледі

Рашид Абатұлы шаһардағы жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегінде анықталған келеңсіздіктерді қатаң сынға алды. Тұрғындарға қолайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстардың сапасына көңілі толмаған қала әкімі, жауапты азаматтардың жылдам қалпына келтіруін ескертті.

Б. Саттарханов пен Тәуке хан даңғылдары, О. Жарылқапов, Қазыбек би, Б. Майлин, С. Ерубаев және өзге де көшелерде бақылау жүргізу барысында көгалдандыру, абаттандыру, жол, аяқжол, вело жол бойынша біршама кемшіліктер орын алған.

Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Б. Оразбеков ретке келтіру жұмыстарын осы аптада бастап, бір ай ішінде аяқтайтынын айтты. Ол үшін, аталған көшелерге мердігерлік етіп, жөндеу жұмыстарын жасағандар көрсетілген келісім мен қойылған талап бойынша жұмыс жасайды. Алдағы уақытта да мұндай жайттар орын алмас үшін орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелердегі бақылау жұмыстары күшейтіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге жол сапасы бойынша тұрғындардан түсіп жатқан шағымдар қаралып, жауаптыларға жіберілуде.

Жалпы, биылғы жылы Түркістан қаласында инфрақұрылымы аяқталған 100-ге тарта көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінде оның 30-нан астамында жөндеу жұмыстары басталып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орнына айналды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 325 рет