Жұма, 17 Сәуір 2020 12:11

Түркістан: Төлебиде демеушілер мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірді

Елімізде қауіпті індетке байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде Төлеби ауданындағы тұрмысы төмен отбасылар назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ауданға қарасты ауылдық округтерден әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар мен отбасы мүшелерінің тізімі жасақталып, оларға кәсіпкерлер тарапынан түрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бүгін Алатау, Бірінші мамыр, Қасқасу және Қоғалы ауылдық округтері мен Ленгір қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы 30 отбасыға «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында азық-түлік таратылды. Сонымен бірге демеушілер арқылы аз қамтылған 20 отбасыға азық-түлік жеткізілді»,-деп көрсетілген хабарламада. Сондай-ақ бұл игі іске 450 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалғаны аталып өткен.

Ұйымдастырушлар аудан әкімдігі, партия филиалы және жомарт жандардың көмегімен мұндай қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады деп уәде етті.

Өз кезегінде көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алығстарын білдірді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 367 рет