Жұма, 17 Сәуір 2020 12:24

Түркістан: #BizBirgemiz акциясы аясында Бәйдібектік 300 отбасыға көмек көрсетілді

Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте ауданымыздан шыққан жомарт кәсіпкерлер Ғабит Қапалбаев пен Бақытбек Нақыпбеков #BizBirgemiz акциясын барынша қолдап, өз жерлестерімен бірге екендіктерін көрсетіп, аудандағы әр ауылдық округтегі елді мекендерде тұратын атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен өмірлік қиын жағдайдағы 300 отбасыға азық-түлік таратты.

Аудан әкімінің орынбасары Айкен Темір бүгін жомарт кәсіпкерлеріміздің демеушілігімен бөлінген азық-түлікті аудан орталығы Шаян ауылындағы 37 отбасының үйлерін аралап тапсырып шықты.

Жалпы аталған кәсіпкерлер аудан орталығындағы қоймаға 300 отбасыға арнап 17,5 тонна ұн, 1,75 тонна күріш, 1,75 тонна өсімдік майын түсірген болатын. Бұл азық-түліктер кезең-кезеңімен аудандағы Ағыбеттен 10, Алғабастан 36, Алмалыдан 16, Ақбастаудан 30, Боралдайдан 36, Бөгеннен 48, Борлысайдан 16, Жамбылдан 22, Көктеректен 5, Мыңбұлақтан 44, Шаяннан 37 атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға үлестіріліп, үйлеріне апарылып берілді.
Айта кетерлік жайт Бәйдібек ауданында бүгінгі күнге дейін демеушілер есебінен жекелеген санаттағы 683 отбасыға 8 млн. 385 мың теңге қаржының көмегі көрсетілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


Оқылды 452 рет