Жұма, 17 Сәуір 2020 12:38

Түркістан: Келесте су жиналатын көше бойларына суағарлар салынады

Түркістан облысы Келес ауданындасу жиналатын көше бойларына суағарлар салынады. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Абай ауылындағы кешегі жауған жаңбырдан су жиналатын көшелерін көріп шықты.

Абай ауылындағы көп қабатты үйлердің жанындағы сайларға жиналған су үйінділерін көрген аудан басшысы ауыл әкімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысына мәселені шешу үшін тиісті тапсырмаларды жүктеді. Абай ауылының әкімі Ерғали Абдирахмановқа аталған мәселені түбегейлі шешу үшін ұсыныстар дайындап, қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Ол жеоден шығып аудан басшысы өңір орталығындағы Бәйтерек көшесіне барды. Бәйтерек көшесінің кіре берісіндегі су жиналған тұсқа барып, көшенің ақсақалдарымен мәселенің шешімін талқылады. Басқосудағы шешімге сәйкес, Абай ауылының әкіміне жол жиегінен суағарды биылғы жоспарға ендіріп, кезеккүттірмей орындауын қатаң тапсырды. Абай ауылының басшысы қажетті шаралар қабылданатынын айтты.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 386 рет