Жұма, 17 Сәуір 2020 13:18

Түркістан: Кәсіпкер ханым қайырымдылыққа 1 миллион теңге бөлді

«Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, кәсіпкер Алмагүл Айкан «Біз біргеміз!» акциясы аясында 1 миллион теңге қаражат бөліп, қайырымдылық танытты.

Бүгін аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Абдрахманұлы, кәсіпкер Алмагүл Айкан мен ерікті жастар #BizBirgemiz акциясын Сайрам ауданына қарасты Ақсукент, Манкент ауылдарында жалғастырды.

Акция барысында кәсіпкер демеушілігімен дайындалған тұрмысқа қажетті заттар мен азық түліктер жалғыз ілікті қарттар мен көмекке мұқтаж азаматтарға жеткізілді.

Қайырымдылық іс-шарасы алдағы уақытта аудандағы тұрмысы төмен тағы 115 отбасында жалғасын таппақ. Әзірге әр ауылдық округтен мұндай отбасылардың тізімі әзірленді.

- Қазақстан ауыр індетке қарсы жұмылған жұдырықтай болып күресіуде. Мұндай кезде қолдан келген көмектен аянбау керек. Бұл азаматтық әрі перзенттік парызым деп білемін. Елбасы өз үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Біз бірігіп, бұл қиындықты жеңіп шығамыз», - деді Алмагүл ханым.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, нәзікжанды кәсіпкердің бұл ісі қазіргідей қиын шақта ерлік, мәрттік деуге әбден лайық.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 508 рет