Жұма, 17 Сәуір 2020 15:00

Түркістан: Әлеуметтік дүкеннен азық-түлікті үйге жеткізу қызметі іске қосылды

Түркістан қаласының тұрғындарының әсіресе көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар, әлеуметтік осал топтар, әртүрлі отбасылық жағдаймен үйден шыға алмай отырған тұрғындарды қолдау ретінде №9 әлеуметтік дүкеннен үйге дейін азық-түлік тауарларын жеткізу қызметі ұйымдастырылды.

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонактары, еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты, Елбасымыздың жариялаған #бізбіргеміз #бізүйдеміз бағдарламасын қолдай отырып, Түркістан қаласы тұрғындарының әсіресе көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар, әлеуметтік осал топтар, әртүрлі отбасылық жағдаймен үйден шыға алмай отырған тұрғындарды қолдау ретінде, «Түркістан» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен алу мүмкіншілігін барынша ынғайлы ету мақсатында, «Қуаныш» базарында орналасқан №9 әлеуметтік дүкеннен үйге дейін азық-түлік тауарларын жеткізу қызметін ұйымдастырып отырғанын хабарлайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тапсырыс телефон немесе әлеуметтік желі (WhatsApp) арқылы беріледі, төлемақы нақтылай немесе банк картасы арқылы жасалынады.
Жеткізу төлемақысы тапсырыс берушінің орналасу қашықтығына байланысты 350-700 теңге аралығында болады, ал көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар, әлеуметтік осал топтардың әлеуметтік жағдайына байланысты, жеткізу төлемақысы тегін болуыда қарастырылған.
Тапсырыстарды жеткізу сағат 11:00–20:00 аралығында демалыс күндерісіз жүзеге асырылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының түрлері мен бағалары:
1 Әлеуметтік нан 78 теңге
2 Басты пияз 56 теңге
3 Құмшекер 205 теңге
4 Тазартылған күріш 185 теңге
5 Макарон өнімдері 186 теңге
6 1 сортты бидай ұны 130 теңге
7 Күнбағыс майы 440 теңге
8 Сары май 1000 теңге
9 Ас тұзы 50 теңге

Басқада азық-түлік тауарларының түрлері мен бағаларын тапсырыс берген кезде білуге болады. Тапсырыс беретін телефон нөмірлер – 87022725932, 87718677678.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 605 рет