Жексенбі, 19 Сәуір 2020 12:27

Түркістанда ирригациялық каналдар құрылысы жүргізілуде

Түркістан қаласы аумағын суландыру бағытында көшелер бойынан ирригациялық каналдар мен арықшалар салынуда. Қазіргі таңда ирригациялық арықтарды абаттандыру, тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Кентау тас жолы бойында 8,4 шақырым, айналма тас жолы бойынан полиция басқармасы ғимаратына дейінгі 7,5 шақырым және айналма тас жолы бойынан Байбұрт көшесіне дейінгі 3,7 шақырым арықшалар тазаланған.

Жазда ыстықтан қорған болуға сеп болатын жоба Арыс-Түркістан каналынан бастау алады. Жоба мақсаты халыққа тек салқын ауа сыйлап, экологияны жақсыртып қана қоймай, онда шомылуға да мүмкіндік береді.

Ирригациялық каналдар құрылысыбарысында 8300 метр бетон арықтар, сондай-ақ вело және аяқжолдар салынып, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.

Түркістан қаласының көшелерін суландыру және көктемгі мезгілде жауыннан кейін жиналатын шайынды суды қала шетіне шығару мақсатында жоба қарастырылуда. Жоба бойынша  ирригациялық арықшалардың құрылысын 3 кезекке бөліп іске асыру жоспарланған. Ол үшін Түркістан облысы Энергетика және Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

1-кезекте 38 көшенің бойындағы арықшалар 21,3 шақырымды;

2-кезекте 31 көшенің бойындағы арықшалар 30,6 шақырымды;

3-кезекте 22 көшенің бойындағы арықшалар 51,0 шақырымды құрайды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 443 рет