Жексенбі, 19 Сәуір 2020 13:33

Түркістан: Авариялық апатты жағдайды реттеу және қалпына келтіру жұмыстары жүруде

Түркістан қаласы I мөлтек ауданындағы №1 көпқабатты үйінде “Үйлерді басқару ОҚО” ЖШС “Басқарушы компаниясы” қысқа дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда көпқабатты үйлерді күтіп ұстау келісім шарты негізінде жылу маусымы аяқталғанына орай, авариялық апатты жағдайларды реттеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты.

Бұл туралы yassy-tur.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Атқарушы компания 27 -ші наурыздан 2 -ші сәуір аралығында кестеге сәйкес 74 көпқабатты үйлердің жертөлесіне дезинфекция жұмыстарын толық жүргізген. Бүгінгі күннен бастап 1-ші үйде жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. Жөндеу жұмыстары мынадай ережелер кестесімен жүзеге асады:

1) тіккұбырлардағы барлық бұрандылар (вентиль) толық ауыстырылады, сонымен қоса үйдің жылу торабының (элеватор ) басты задвижкалары ауысады;
2) жылына екі рет жертөлеге дезинфекция жасалады;
3) кіреберістер жарықтандырылады;
4) келесі жылу маусымына сығымдау жұмыстары жүргізіледі;
5) жалпы мүлікке қатысты аз мөлшердегі дәнекерлеу жұмыстары атқарылады;
6) жертөледен бірінші құдыққа дейін кәріз жүйесі тазаланады.
Осы 6 қызмет үшін әр пәтер ай сайын 500 тг көлемінде келісім шарт, көпқабатты үйдің 2/3 пайызынан астам меншік иелерінің келісімімен (“Тұрғын үй қатынастары” заңының талаптарына сай) түзілген.Жоспарда, көпқабатты үйлердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау негізінде қосымша келісім жүйесі арқылы домофон есіктерін үш айға бөліп төлеу тәсілімен орнату қарастырылған.

“Қазіргі уақытта №26, 30, 33 және 46 үйлерге домофон орнатылды және қосымша, жылу жүйесіндегі кезінде жоспар бойынша қойылған, бірақ 2008-2010 жылдары қайта қалпына келтіру кезінде екі тікқұбыр (стояк) орнына бір тікқұбыр орнатылған. Сондықтан тұрғындар тарапынан арыз шағымның көп болатынын жасыра алмаймыз. Осыған орай, бастапқы жоспарға сәйкестендіріп тұрғындардың есебінен қосымша тікқұбыр жүргізу керек екенін тұрғындарға насихат етіп келеміз. Мекеме тарапынан қосымша келісім негізінде басқа да қызметтер түрін ұсынуға дайынбыз (кіреберістерді жуу, жөндеу т.б.). Ерекше айтып өтетініміз, жергілікті атқарушы органдар мен қала басшылығынан жауапты мамандарға дейін, оның ішінде тұрғын үй инспекция білікті басшысы мен қызметкерлерінің жұмыстарын атап өткен дұрыс болар, осы кісілердің және мекеменің тарапынан тұрғындардың сұрақтарын, арыз талаптарын қарастырып, шешу жолын іздеп, үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қыс бойы біздің мекеме “Жылу” мекемесімен бірлесіп пәтерлерді аралау барысында көптеген заң бұзушылықтарға ескерту толтырылды (жылыту құралдарының секция саны нормаға сәйкес емес, жылы еден бар пәтерлер бар және т.б. фактілері анықталған).
Мекеме тарапынан тұрғындарға заң талаптарын бұзбауды, бұзу фактілері орын алған жағдайда өз есебінен қалпына келтіруін сұранамыз. Осының барлығы жалпы тұрғындардың коммуналдық мәселелерінің шешілуіне септігін тигізетініне сенімдіміз, ал тұрғындарды ықпал етіп, түсіністікпен қарауға шақырамыз”,- деді “Үйлерді басқару ОҚО” ЖШС “Басқарушы компаниясының” басшысы Исмайлов Жұмабек.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 556 рет