Жексенбі, 19 Сәуір 2020 14:38

Түркістан: Кентауда «Ұстаздар аллеясы» салынуда

Түркістан облысы Кентау қаласы күннен күнге ажарланып келеді. Көктем шығысымен шағын шаһардың шырайы кіріп, көше бойларында көркі көз тартар бірнеше гүлзарлар орналастырылған. Орталық көше күрделі жөндеуден өтіп, ішкі орам жолдар да қалыпқа келтірілуде. Абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Алдағы уақытта қала тағы бір нысанмен толықпақ. Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасымен қала орталығынан "Ұстаздар аллеясының" құрылысы бастау алды. Бұл аллеяға кентаулық ұстаздар қауымының құрметіне орай ерекше атау берілмек»,-делінген хабарламады.
Сондай-ақ қаладағы Абай даңғылынан бой түзейтін аллеяда үлкен қыл қаламнан ескерткіш орнатылатын болады. Маңайында тұрғындардың тыныстап демалуына барлық жағдай жасалынып, арнайы замануи орындықтар мен жарық шамдар аллеяның ажарын одан әрі аша түсетінін айтады.
Сонымен қатар,
«Ұстаздар аллеясында»  балаларға арналған соңғы үлгідегі ойын алаңшалар да қойылады деп жоспарлануда.

 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 467 рет