Бұған дейін құдық суын пайдаланып келген ауылдағы құрылыс жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталып, биылғы сәуір айында аяқталған. Айта кетейік, құрылысқа жауапты мердігер мекеме- "СИН" ЖШС-гі.
Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне бастапқыда 130 абонентті қосу жоспарланғанымен, қазір нақты іске қосылғаны 148 абонент болып отыр. Нысанды қабылдау жұмыстарынан соң аудандағы ауыз су мәселесі 100% шешімін табады деп күтілуде.
Айта кетейік, жалпы Сайрам ауданындағы 42 елдімекеннің 41-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Енді, қалған 1 ауылдың абоненттеріне ауыз су қосу жұмыстары қарқын алмақ.
Айта кететін тағы бір жайт, жуырда Арыс ауылдық округі, Нұржақорған, Қожақорған елдімекендерінің жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізіледі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.