Жексенбі, 19 Сәуір 2020 15:09

Түркістан: Бәйдібек ауданында дезинфекция жұмыстары қарқынды түрде жүруде

Түркістан облысы Бәйдібек аудандағы барлық елді мекендерде коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары қарқынды түрде жүзеге асуда. Жоспарланған кестеге сәйкес аудан аумағындағы ауылдық округтердегі елді мекендерде тұрақты түрде адам көп шоғырланатын жерлер мен әлеуметтік нысандар және көше бойларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Дезенфекциялау жұмыстарына аудандық, ауылдық өрт сөндіру бөлімі мен аудандық Жасыл саябақтар мекемесінің су бүркейтін автокөліктері қамтылған. Жалпы бүгінгі күнге дейін 11 ауылдық округтердің барлығына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
«Құрметті аудан тұрғындары коронавирус пандемиясымен күрес шараларына белсене қатысып, бетперделік режимде болып, үйден шықпай сақтық шараларын қатаң ұстануды сұранамыз»,-деп сақтық шарасын сақтауға шақырды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 55-ке жетті.

Сарыағаш қаласының 1974 ж. тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. 16 сәуір күні жұмыс бабымен Ресейден келген. Жақын байланыста болған 7 адам және отбасының екі мүшесі бақылауға алынды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 410 рет