Жексенбі, 19 Сәуір 2020 17:15

Түркістан: 32 сектордың барлығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Түркістанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Енді облыс орталығында арнайы рұқсат қағаз болмаған жағдайда жүруге тиым салынады. Сонымен қатар жас балалар мен қарт кісілерге қасында кәмелет жасына толған азаматтар болмаса көшеде жүруіне болмайды. Азаматтарың қауіпсіздігі үшін, қоғамдық көліктердің де қызметі тоқтады. Одан бөлек көне шаһарда базарлар мен Казпошта мекемелері және банк бөлімшелері мен ақша айырбастау орындарының да жұмысына шектеу қойылды.

Бірақ, Түркістанды түлету бағытындағы жұмыстар тоқтамайды. Мәселен, қазір қала аумағы 32 секторға бөлініп барлығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Түркістан қаласына қарасты Яссы мөлтек ауданында 47 көше 1200-ден астам үй бар. Бұл аумақ қазір 16-сектор деп аталады. Мұндағы жұмысқа Келес ауданы жауапты. Аумақты абаттандырып, жолдарды ретке келтіру үшін ауданның 50-ге жуық азаматы жұмыс істеуде.
«Бізде 47 көше бар. Бірінші келген кезде бұл новастройка болып есептеледі қаланың. Новастройка болған соң білесіз ойқыш-ойқыш болып жатқан жер. Бәріне грейдер салып жүргіздік .1,5 км шағал төседік. Одан бөлек 27 мектептің алдына алея салдық»,-дейді Келес ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сыдықбай Жолдыбаев.
Алеяның жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Онда сейіл құрушылар үшін аяқжолдар төселіп сая болар ағаштар отырғызылған. Суландыру жүйесі де іске қосылыпты. Енді орындықтар қойылып, жарықтандырылады. Одан бөлек Келес ауданы өткен жылдан бері мөлтек аудандағы барлық көшеге 6260 түп түрлі ағаш көшеттерін отырғызған. Бүгінде солардың өніп кетуі үшін күн сайын суаруда.
«Әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырып жатырмыз. 210-280 адамға дейін қатысты. Кеше қар жауып тұрғанда да сенбілік ұйымдастырылып, қаншама тонна мұсырлар шығарылды. Бұрыннан қалып кеткен мұсырларды дашығарып тастап жатырмыз»,-дейді Сыдықбай Жолдыбаев.
Негізінде облыс орталығын абаттандыру үшін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қала аумағы 32 секторға бөлініп оған бір аудан мен бір басқарма жауапты болып бекітілгенді. Бүгінде барлық секторда жұмыс қызу әр аудан демеушілер есебінен абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, өз аумағының тазалығымен көгалдануына тер төгіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамайды.

 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 461 рет