Жексенбі, 19 Сәуір 2020 17:38

Түркістан: Арыс қаласында шегірткеге қарсы дәрілеу шарасы басталды

Арыс қаласы әкімі М.Қадырбектің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап, Арыс қаласы бойынш жайылымдық жерлердегі Марокко шегірткеcі зиянкестерінің таралуының алдын алу мақсатында химиялық күрес шаралары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарына 12 техника мен «Өсімдік қорғау» ЖШС-нің мамандары жұмылдырылған.

36800 га. жайылымдық жерлерге «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының» Арыс қалалық филиалының 27 маманы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда, Қожатоғай – 36300 га, Монтайтас – 400 га, Дермене ауылдық округтерінің – 100 га жерін анықтап заласыздандыру жоспарланған.
Бүгінгі таңда 900 га жерді залалсыздандыру қажеттілігі анықталып, «Өсімдік қорғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігің мамандары 12 автокөлік техниканың көмегімен дәрілеу жұмыстарын жүргізуде.
Залалсыздандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Осы орайда, бүгін қаламызға залалсыздандыру алқаптарындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев, Түркістан облысы Ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Оспанов пен қала әкімі М.Қадырбек залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатқан Қожатоғай ауылдық округінің егістік алқаптарына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 484 рет