Жексенбі, 19 Сәуір 2020 17:49

Түркістан: Арыста көктемгі егіс жұмыстары қыза түсті

Арыс қаласы Ақдала ауылдық округіндегі шаруалардың көктемгі егіс жұмыстары қызып тұр. Соның ішінде жылыжайлардан өнім алатындардың айы оңынан туып тұр,-деп хабарлайды Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақдала ауылдық округіндегінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Рахымжан Кенжебаев бірнеше жылдан бері, жылыжайларда көкөніс егіп, алынған өнімдерді еліміздің өзге өңірлеріне жолдап, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуде.
Осы үрдісті жалғастырып, биыл тағы да 4 га жылыжай кешенінде қызанақ, қияр, болгар бұрышын егіп, баптау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі таңда қияр өнімі пісіп, Арыс қаласының тұрғындарына ұсынылып еңбектің жемісін көруде.
Қалған өнімдер  ағымдағы жылдың мамыр айында толықтай пісіп, жемісін береді деп жоспарлануда. Сол кезде  Алматы және облысымыздың өзге өңірлеріне жөнелтілетін болады.
Сонымен қатар 1 га жерге пленка астында қауын мен қарбыз өнімдерін отырғызған. Жеке кәсіпкер жергілікті 20 азамат маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Олар баптау жұмыстарын да жүргізуде.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 437 рет