Дүйсенбі, 06 Сәуір 2020 22:56

Шымкент: жазасын өтеушілер маска тігуде

Шымкентте короновирустық инфекцияның белең алуына байланысты түзеу мекемелері де қатаң режимдік тәріпке көшті. Шымкент қаласы бойынша қылмысық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/4 мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Оған қоса темір тордың ар жағындағы нәзік жандылар бетперде тігіп, індеттің таралуына тосқауыл қоюға өз үлестерін қосуда. Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесе атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі түзету мекемелеріндегі дезинфекциялау жұмыстарының жиілігі. Жазасын өтеп жатқандардың қауіпсіздігі қарастырылып, қажетті қорғаныс заттармен қамтамасыз етілген. «Барлық келуші қызметкерлер қатаң тексеруден өтіп, жұмысқа кіргізілуде.

ИЧ 167/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан нәзік жандылар бетперде тігіп, елдегі төтенше жағдайдан шет қалмай отыр. Олар күніне бес мыңға жуық маска тігуде. Бұл істі ұйымдастыру үшін арнайы өндірістік цех толықтай дезинфекциядан өтіп, пайдалануға берілген.Түзеу мекемесі басшылығының айтуынша, қоғамды қауіпті індеттен қорғау жобасына үлес қосуға сотталғандың өздері ынта білдіріпті.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 310 рет