Сейсенбі, 14 Сәуір 2020 18:50

Шымкент қаласында 135 мыңнан астам адам 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алды

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша төтенше жағдай режимiне байланысты 125 588 қала тұрғынына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.

Айта кетерлігі, тұрғындардың өтініштері электронды түрде (электрондық үкімет пен Еңбек және халықты қорғау министрлігінің сайттары, сондай-ақ Telegram арқылы) қабылданып, ал 10 185 азаматқа проактивті өтініштер (SMS) арқылы тағайындалғанын айта кеткен жөн. 13 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақы Шымкент қаласының 135 743 тұрғынына төленді.

Әкімдіктiң нақтылағанындай, тағы 6263 өтініш қарастырылуда екен: КЕАҚ желісі бойынша - 1781, МӘСҚ желісі бойынша - 4482. Айта кетейік, соңғы үш күн ішінде 42 500 теңгеден төлем алған шымкенттіктердің саны бірден үш еседен артық өсті: 10 сәуірдегі жағдай бойынша мұндай соманы 40 586 азамат алып отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 356 рет