Мәселен, Темірлан тасжолы бойындағы «Халық банкі» бөлімшесінің алдына күтушілерге арналған 50 орындық қойылды. Онда сақтық шаралары сақталып, келушілер арасында арақашықтық сақталған. Ал А.Асқаров көшесіндегі банк бөлімшесінде адам көп болуына байланысты клиенттер көлікпен Д.Қонаев көшесіндегі филиалға жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу жұмыстары арнайы бекітілген кесте бойынша атқарылуда.
Тағы бір айта кететін ақпарат, Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тағы 1 жағдайы тіркеліп отыр (15.04.2020 жылғы сағат 00:00-дегі мәлімет бойынша). Ауру жұқтырған азаматша - 1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 15.04.2020 ж. жағдай бойынша қалада коронавирусинфекциясына шалдыққан 40 адам анықталды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»