Сейсенбі, 21 Сәуір 2020 13:22

Түркістан: ҚазПошта қашықтықтан қызмет көрсетуде

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Қаулысына сәйкес, Түркістанда ҚазПошта мекемесі де уақытша тоқтап, қызметтерді қашықтықтан және онлайн, үйге дейін жеткізіп беру арқылы іске асыруды бастады. Мұндай қызмет күнделікті сағат 10.00-16.00 аралығында жүргізіледі.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінде зейнетақылар мен әлеуметтік көмектер, хат-хабарлар сынды пошталық қызметтер үйге жеткізілуде. Сондай-ақ, Kazpost.kz сайты арқылы барлығын онлайн алуға болады. Тапсырыс осы сайт арқылы жолданған болса, оны да ҚазПошталықтар қолдарыңызға тапсырады.

Жалпы, төтенше жағдай уақытындағы 6-18 сәуір аралығында пошта 28134 адамға қызмет көрсетті. Оның ішінде 3806 адам - 42500 теңге, ал қалған 24328 қызмет зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және басқалары бойынша көрсетілген.

ҚазПоштаның барлық 11 бөлімшесін қосқанда халыққа тікелей қызмет көрсететін 48 қызметкер бар. Мамандар тек Түркістан емес, Кентау қаласына қарасты 12 ауыл-әкімшілігіне қоса қызмет көрсетеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 339 рет