Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Осы мақсатты көздеген Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері зейнетақы мен 42500 теңге алушы азаматтардың үйлеріне барып, қолма-қол үлестіріп беруде. Ол үшін арнайы мамандар мен автокөліктер де бөлініпті. Аталған бастама аудан әкімдігінің бақылауына алынған. Осылайша төлебилік әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар төлемдерге үйінен шықпай-ақ қол жеткізіп отыр.
Мәселен, аудан бойынша бір күнде 500-ден астам адамға зейнетақы, жалақы, әлеуметтік төлемдер оның ішінде 42500 теңге жеткізілуде. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде яғни карантин кезеңі аяқталғанша жалғасатын болады.
Еске сала кетейік, карантин жарияланған басқа аудандарда да ҚазПошта қызметтері онлайн көрсетіліп жатыр және төлемдер үй-үйге жеткізілуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.