Аудан әкімдігінің мәліметінше, 38 көшеге асфальт төселеді деп жоспарланған. Оның ішінде 33 көше - ауылдардың еншісінде. Ал, 162 көшеге ағымдағы жөндеу, яғни тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Қосымша 3 көшеге аяқжол салу жұмыстары жасалмақ.
«Аудан аумағында өткен жылы 166 көше жөндеуден өтсе, биыл оның санын 200-ден асырып отырмыз. Бұл - аудан тарихында рекордты жол жөндеу жұмыстары басталады деген сөз. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы тапсырмасымен ұзындығы 63 шақырымды құрайтын, өтпелі кезеңмен 130 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол көшелерді жөндеуді де биылға жоспарлап отырмыз»,- дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев. Айта кетейік, аудан бо
Айта кетейік, аудан бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.