Жұма, 24 Сәуір 2020 18:21

Түркістанда жол құрылысы қызып жатыр

Карантинге қарамастан Түркістанда жол құрылысы қызып жатыр. Ұзындығы 6.5 шақырым болатын бір көше жаңадан салынуда. Сондай-ақ, 106.3 шақырым 81 көше жөнделуде.

Осы жұмыстармен қатар 120,2 шақырым аяқ жол, 1 мыңнан астам жол белгісі, 8,9 шақырым суағар арықтар, 6,1 шақырым веложолақ салынады. Жұмыс сапасы да жіті бақылауда. Қалалық әкімдік облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығымен келісімшарт жасасқан. Соған орай орталық инженерлері төселіп жатқан жолдардан сынама алып, әр жұмыстың талапқа сай жүргізілуін бақылап жүр. Айта кетейік, Түркістан қаласында көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырым. Оның 30 пайызы ғана асфальталған. 56 пайызы- шағал тасты жол, 13 пайызы- топырақ жол.

Түркістан қаласы бойынша 2020 жылы жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын 100 ге жуық көшелер жөндеудан өтеді.

Негізгі жолды орташа жөндеу жұмыстары инфрақұрылымы толық аяқталған (ауыз су, сарқынды су, газ) аумақтарда жүргізіледі. Бүгінде 31 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталып қойған. Сонымен қатар бұл көшелер жарықтандырылып, аяқ жол салынады. Сарқынды су жүргізілген көшелерде қосылмаған тұрғындар көп десек те болады, сол себепті келешекте су жүргізген кезде жолды бұзбас үшін жолдың астынан арнайы футлиярлар қалдырылған. Болашақта сол арқылы канализациямен тұрғындар қосылатын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 458 рет