Мектеп құрылысының жұмыстарымен танысу барысында аудан әкімі тиісті мердігерге құрылысыты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Қандай жағдай болмасын құрылыс жұмыстарын бәсеңдетпеу керектігін қадап айтты.
Аталмыш білім ошағының өзіндік жеке газ жүйесін реттеуші орталығы, ауыз су мұнарасы, жылу қазандығы болады.
Жаңа шағынауданда 1200 орындық мектептен басқа, 20 көп қабатты тұрғын үй, балабақша, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады.
Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Түркістан облысында енгізілген карантиндік режим құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмейді. Елдегі болып жатқан ахуалға қарамастан, қала аумағындағы бірде-бір нысандағы жұмыс тоқтатылмайды. Қауіпсіздік шарасын да қатаң ескереміз. Адамның саулығы бірінші кезекте. Жұмыс күшімен толық қамтамасыз етіп, жұмыстан босаған азаматтарды табыс көзімен қамту үшін қалалық әкімдік Нұр-Сұлтан, Алматыдағы құрылыстардан босаған мамандарды жұмысқа шақыра алады. Олардың өңірімізге тосқауылсыз жетуін қамтамасыз етуге көмек береміз» деген болатын.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.