Сейсенбі, 21 Сәуір 2020 16:11

Шымкент: Шаһарда санитарлық-тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіледі

Шымкент қаласында 13,8 млн. шаршы метр, яғни 1 мың 500-ге жуық көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл карантин кезінде коронавирустың таралмауына тосқауыл болуы үшін жасалып отырған алдыналу шарасы. Санитарлық талаптың үдесінен шығу үшін мамандар күніне үш мезгіл тынымсыз тірлік атқарып жүр. Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жауаптылары айтып отыр. 

Бұл жаңағы 1500 көше мен қоғамдық орындар және ірі сауда орындарымен іргелес жатқан аумақтар, саябақтар, гүлзарлар, аялдама мен аяқ жолдарды залалсыздандыру міндетіне жергілікті биліктің бөлген сомасы. Қаржының мөлшері көп болғанымен, ол қаржыға атқарылуы тиіс шаруа да шаш-етектен болып тұр. Санитарлық-дезинфекциялау шарасын тиімді үйлестіру үшін қала аумағын 20 бағытқа бөліп, 32 техника күші жұмылдырылып отыр. Оған тартылған мыңдаған маманның қауіпсіздік қажеттіліктері тағы бар. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен кіреберістері және  қоқыс алаңшасындағы контейнердерің тазалық жұмыстарына да бөлінген бөлек бригада бар мұнда. Олар аталған орындарды дезинфекциялап, инфекцияның алдын алу үшін бар мүмкіндікті пайдалануда. Сонымен қатар қаланың кіріп-шығатын барлық посттарына да тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүріп тұрады. Қажеттілікпен қамтамасыз етуге аталған басқарма жауап беріп отыр. Тек сұрары: төтенше жағдайды сезініп, үйде болуларыңыз. Сонда жұқпалы аурудың таралмауына едәуір көмек көрсетесіз. Оны ауыздықтауға жағдай жасайсыз.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 374 рет