Сайрам ауданы әкімі Уласбек Садибеков Сайрамның орталығы Жібек Жолы, Абылай хан көшелерінің бойын жəне Мəртөбе саябағын аралап, бірқатар тапсырмалар берді.
Аудан басшысының тапсырмасына сəйкес, аталған көшелерде көктемгі абаттандыру жұмыстарымен қатар тұрғын үй, кəсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, заң талаптарына қайшы ілінген жарнамалардың бəрі алынады.
Жарықшамдар, бағдаршамдар мен көшенің көркін еселеген түрлі ою-өрнектер қайта жаңармақ. Ал, болашақта Абылай хан көшесінің бір бөлігі арбатқа айналады. Қазір аудан сəулетшілері бұл бағытта Арбаттың егжей-тегжейлі картасын əзірлеуге кірісті.
Қазір аталған аумақтағы ретсіз сауда қатары мен дүңгіршектерді алу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ қазіргі таңда аудан басшысының бастамасымен ауыл-ауылдағы орталық көшелерде көріктендіру жұмыстары және кәсіпкерлік нысандарында әкеу-сырлау ісі қызу жүріп жатыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.