Қамқоршысы мен сүйенері жоқ көп балалы, қоғамның аз қамтамасыз етілген көмекке мұқтаж 20 отбасына ауылымыздың кәсіпкері Алисалман Нариман, Мехти ағаларымыз жалпы 300 мың теңге қаржы жұмсап, азық-түлік таратты. Игі шараға әкімдік, ауыл биі, ауыл имамы, еріктілер белсене қатысып, азық-түлікті үйлеріне апарып берді.
«Ата-бабамыз: Көктем мезгілі жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы дейтін. Осындай шақта ауыл тұрғындарына бірлесіп, қолдау көрсеткен азаматтарға Алланың нұры жаусын.Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзін көресің.Рамазан - қасиетті ай. Әр азамат бұл айда нәпсіні тыйып, жаман нәрседен, ғайбат сөйлеуден, ауыр күнә жасаудан, жала жабудан аулақ болып, жақсы нәрселерге, өзін сабырлыққа, шыдамдылыққа, тақуалыққа тәрбиелеуі керек. Қолдан келгенше жақсылық жасауға тырысу керек. Сондықтан Рамазан айындағы зор нығметтерден құр қалмайық ағайын. Ниетіміз қабыл болсын»,-деп ізгі тілектерін білдірді ауыл тұрғындары.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.