Жексенбі, 03 Мамыр 2020 11:53

Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдері қайырымды іс жасады

«Рамазан - мейірім айы!». Осындай атаумен Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игілікті іс барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 100 отбасыға  азық-түліктер үлестірілді.

Әр отбасыға жұмсалған қаржы он тоғыз мың теңгені құрайды. «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шара аясында әлеуеті әлжуаз топқа қолдау көрсетілді. Көпбалалы 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
«Игілікті іске ұйытқы болған атымтай жомарттар акция барысында əр отбасыға  5 литр өсімдік майы, 5 кг күріш, 5 кг қант, бір қап ұн, және гигиеналық заттар табыс етті. Ал, тұрғындар дән раз»,-дейді имам,Мұсабек қажы Ақтамберді.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары да сауап іс жасағн адамдарға алғыстарын білдірді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет бастамасымен жүзеге асқан шараның мән-маңызына тоқталды Айта кету керек, «Орталық» мешіттің әлемге дүрбелең салған жұқпалы індеттен қорғаныш ретінде бетперде  таратқаны ел есінде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 535 рет