Олар үшін университет асханасында екі мезгіл ыстық тамақ әзірленіп таратылып жатыр. Мәселен, түскі астың құны 250 теңге боса, кешкі тамақ тегін. Ал, таңғы ас үшін университет басшылығы әр жатақханаға тегін азық-түлік түрлерін таратуда. Одан бөлек жатақханаларда студенттердің қашықтықтан білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Білім алушылармен кері байланысты орнату мақсатында Call орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар университет жатақханалары кең жиілікті интернет желісімен қамтылған. Қолда бар мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда университет оқытушылары 839 пән бойынша 9500 студентке қашықтықтан білім беріп жатыр. Дәрістер жүйелі бекітілген сабақ кестесіне сай жүргізілуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.