Аталған елді мекен тұрғындарының 400- ден аса азаматтары Мақтаарал ауданындағы №44 Ә.Науаии мектебіне эвакуацияланып, уақытша тұрғын орыны дайындалды. Төтенше жағдайдың алғашқы күніндегі ауыз ашарға 50 келі палау дайындалып, аталған мектептің спорт залына карантин режимін сақтай отырып, әр столға 4 азаматтан арақашықтығы 1 метрден жайғастырылып, тағам тартылды.
Сондай-ақ эвакуацияланған азаматтар Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен төсек орынмен, демеушілер мен еріктілер есебінен азық-түлік және гигеналық заттармен қамтамасыз етілді.
Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып , елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан Мақтаарал ауданының екі ауылын су басты. Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асановтың төрағалығымен 2 мамыр түнгі 00:00-де арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жарияланды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.