Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Десек те, аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге арнап үш мектепті әзірлеп, ауылға 50 орындық автобус та қойып қойған. Бірақ соған қарамастан ауылдың ер кісілері көшуден өз еріктерімен бас тартып, елдімекен іргесіндегі дамбы көтеру жұмыстарына атсалсысуды жөн көріпті.
Жетісай ауданының Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан Қоғалы ауылындағы жағдайдың бұған дейін бақылауда болғанын ескертеміз. Аталған елдімекенде аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары су тасқынын алдын алу шараларын жүргізіп, дамбы тұрғызу, құм толы қапшық қалау жұмыстарын атқаруда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.