Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуацияланған Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары өз үйлеріне оралатын болды. Облыстық төтенше жағдайлар штабы аталған елдімекендерде тасқын судан келетін қауіптің жоқтығын анықтаған. Ал, қалған елдімекеннің тұрғындары қауіп толық сейілгенше уақытша эвакуациялық бекеттерде болады.
Айта кетейік, ауданда тасқын су орын алуына байланысты Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Соның 17 мыңнан астамы Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары.
Айта кетейік, Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық бекеттерге орналастырылған барлық азаматтарға тиісті көмектер көрсетілуде. Жалпы 24 эвакопунктке жайғастырылған адамдардың денсаулығын бақылауға алу үшін 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Оның 58-і дәрігерлер 89-ы фельдшер. Олар бекеттегі азаматтарға тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.