Ал эвакуация орындарындағы 3500-ге жуық тұрғынның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Адамдардың барлығы дерлік медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын мен көрпе-төсекпен тегіс қамтылған.
Сондай-ақ, тұрғындарға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Ал, өзге де қажетті заттар мен азық-түлік түрлері әрбір эвакуация орындарына төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймадан тізім арқылы үлестірілуде.
Эвакуация орындары боп бекітілген мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып жатқан мемлекет басшылығына, үкіметке, облыс, аудан басшылықтарына және барлық қазақстандықтарға шынайы алғыстарын жаудыруда. Олар тасқын судың тез беті қайтып, су астында қалған үй-жай мен мал-мүліктері және егістік алқаптарының шығындары өтелетіндігін де естіп қуануда. Мұндай қиындықта ешкімнің назардан тыс қалмайтынына бек сенімді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.